Bereke Bank АҚ жалғыз акционердің 2024 жылдың 23 сәуіріндегі шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- 2023 жылға банктің қаржылық есептілігі бекітілсін;
- 28 962 млн теңге мөлшеріндегі таза кіріс банктің өзіндеқалдырылсын;
- меншікті капиталдың төмендеу қаупіне байланысты банктің жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтер төленбесін.
Акционер жиналыстың күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша шешім қабылдады.
Айта кетейік, антиресейлік санкциядан кейін Сбербанк Қазақстанды Бәйтерек холдингі сатып алып, атын Bereke Bank деп өзгерткен.