Bereke Bank 2022 жылға қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есепті жариялады.
2022 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес, банктің меншікті капиталы 2021 жылғы 378, 5 млрд теңгеден 2022 жылы 133,7 млрд теңгеге азайған.
Ал жиынтық актив 2022 жылдың қорытыныдысы бойынша 4,2 трлн теңгеден 1,7 трлн теңгеге төмендеді.
Жиынтық міндеттемелері 3,8 трлн теңгеден 1,6 трлн теңгеге азайды.
Сонымен қатар банк 2021 жылы 130,1 млрд теңге таза пайда тапса, 2022 жылы 124,5 млрд теңге шығындалды.