BCC Euro қоры былтыр желтоқсан айында тіркелді. Қор жеке және корпоративтік инвесторларға қолжетімді, Еуропаның тұрақты кіріс беретін құралдарына инвестиция жасауға мүмкіндік береді. 

Қор еуропалық капитал нарығына экспозиция алғысы келетін инвесторлардың кең тобына арналған. Еуроаймақ елдері әлемнің жетекші дамыған экономикаларының қатарына кіреді. Еуропа елдерінің үлесі әлемдік ЖІӨ-нің 20%-ын құрайды. Еуропа – құбылмалы америкалық нарыққа жақсы әрі арзан балама.

 Басқарушылардың ойынша, жоғары кредиттік рейтингі бар облигациялар: континенттің жетекші корпорацияларының тәуелсіз шығарылымдары мен борыштық құралдары қор активтерінің негізін құрайды. Қор белсенді басқару стилін ұстанады.

Пайдың номиналды құны 1 еуроны құрайды. Қордың мақсатты кірістілігі –жылдық 2%-дан бастап.

Биыл екінші тоқсанда Қазақстан қор биржасында (KASE) қордың листингі жоспарланған, содан кейін қордың пайын KASE-де операция жүргізуге рұқсаты бар кез келген қазақстандық брокер арқылы сатып алуға болады.

 «Біз қорларымызды дамытудағы жаңа кезеңді ашып, Қазақстандағы алғашқы еуродағы инвестициялық қорды іске қосқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл қор инвесторларымызға еуропалық нарықтарды әлдеқайда жақын етеді», – деп атап өтті BCC Invest-тің Басқарушы директоры Руслан Зерилов.