Банк секторының активтері 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша негізінен берілген қарыздар бойынша және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша клиенттерге қойылатын талаптардың өсуі есебінен 2024 жылғы тамызда 1,9%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге ұлғайып, 57,8 трлн теңге құрады (2024 жылдың басынан 12,5%-ға немесе 6,4 трлн теңгеге өсу).
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 17,7 трлн теңгені немесе активтердің 39,5%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банктердің меншікті капиталы негізінен бөлінбеген таза пайданың және қайта бағалау резервтерінің ұлғаюы нәтижесінде 2024 жылғы тамызда 3,5%-ға 8,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 17,2%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге өсу). 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,6%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 21,5%-ды құрады (01.01.2024ж. – 21,5%), бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір артық және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2024 жылғы қаңтар – тамызда банктердің таза пайдасы 1,6 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға көп. Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 5,3%-ды (2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша – 4,7%), капитал рентабельділігі (ROE) 39,1%-ды (2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша – 37,8%) құрады.