2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен өтімді активтердің 3,6%-ға немесе 751 млрд теңгеге азаюы есебінен ағымдағы жылғы сәуірде 1,0%-ға немесе 514 млрд теңгеге азайып (2024 жылдың басынан бері 1,9%-ға немесе 969 млрд теңгеге өсу), 52,4 трлн теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 15,4 трлн теңгені немесе активтердің 29,4%-ын құрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банктердің меншікті капиталы негізінен банктердің бірінің дивидендтер төлеу туралы қабылдаған шешімінің және өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының тиісінше төмендеуі нәтижесінде ағымдағы  жылғы сәуірде 1,8%-ға 7,4 трлн теңгеге дейін азайды (2024 жылдың басынан бері 7,6%-ға немесе 519 млрд теңгеге өсу). 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,0%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 21,0%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір артық және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2024 жылғы қаңтар – сәуірде банктердің таза пайдасы 777 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға көп. Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 

1 мамырдағы жағдай бойынша 4,6%-ды (2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша – 4,3%), капитал рентабельділігі (ROE) 34,4%-ды (2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша – 34,9%) құрады.