Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңес өтті. Жиында Ұлттық Банктің 2022 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканы долларлау көрсеткіші 31,6 пайызға азайған, екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредит бөлу көлемі 23,3 пайызға артып, 22,8 триллион теңгеге дейін жеткен, соның ішінде бизнеске берілген кредиттің 13,9 пайызға өсіп, 9,6 триллион теңгені құрады. Жалпы экономикаға бөлінген кредит 2022 жылы 21,7 пайызға өсті. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша оның көлемі 28,9 триллион теңгені құрады. 

Ұлттық Банктің дерегі бойынша былтыр жалпы халықаралық резервтер 1,2 миллиард долларға көбейіп, 90,8 миллиард долларға жетті. Соның ішінде алтын-валюта қоры – 35,1 миллиард доллар, Ұлттық қор активтері – 55,7 миллиард доллар. 2014 жылы біріктірілген уақыттан бері БЗЖҚ зейнетақы активтері кірісінің  жылдық мөлшері  9,33 пайызды құрады.

Ұлттық Банктің мәліметі бойынша Fitch Ratings және S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанның «ВВВ» деңгейіндегі дербес рейтингіне қатысты «тұрақты» деген болжамды растады.