2023 жылы банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 23,1% өсуі нәтижесінде 15,4%, 51,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 4,6% өсті).

2023 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 15,1 трлн теңгені немесе активтердің 29,3%-ын құрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банктердің меншікті капиталы 2023 жылы 31,3%, 6,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 3,2% өсті). 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,2%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 21,5%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір артық және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

Банк секторының міндеттемелері 2023 жылы негізінен халық салымдарының 20,6% өсуі есебінен 13,3%, 44,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 4,8% өсті). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында негізгі үлесті – 78,7%-ды немесе 35,1 трлн теңгені клиенттердің салымдары құрайды.