2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен өтімді активтердің 3,0% немесе 598 млрд теңгеге өсуі есебінен биыл мамырда 1,6% немесе 853 млрд теңгеге ұлғайып (2024 жылдың басынан бері 3,5% немесе 1,8 трлн теңгеге өсіп), 53,3 трлн теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 15,8 трлн теңгені немесе активтердің 29,6%-ын құрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банктердің меншікті капиталы негізінен бөлінбеген таза пайданың және қайта бағалау резервтерінің ұлғаюы нәтижесінде Биыл мамырда 0,1%, 7,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 7,6% немесе 523 млрд теңгеге өсім).
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 18,7%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 20,7%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір артық және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2024 жылғы қаңтар-мамырда банктердің таза пайдасы 975 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,1% көп.
Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 4,6%-ды (2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша – 4,3%), капитал рентабельділігі (ROE) 33,9%-ды (2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша – 35,4%) құрады.