Банк секторының міндеттемелері 2024 жылғы маусымда негізінен жеке тұлғалар салымдарының өсуі нәтижесінде 4,3%, 47,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 7,3% немесе 3,2 трлн теңгеге өсті).
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2024 жылғы маусымда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 3,9%, 27,8 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 3,7%, 35,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Шетел валютасындағы депозиттер 2024 жылғы маусымда 3,1%, 8,0 трлн теңгеге дейін, оның ішінде АҚШ долларының теңгеге қатысты нығаюы аясында қайта бағалау нәтижесінде ұлғайды. Нәтижесінде 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша долларландыру деңгейі 22,3%-ды құрады (2024 жылғы маусымда – 26,5%).
Заңды тұлғалардың депозиттері 2024 жылғы маусымда 3,8%, 15,9 трлн теңгеге дейін, негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің өсуі нәтижесінде ұлғайды. Жеке тұлғалардың депозиттері 3,4%, 15,8 трлн теңгеге дейін өсті.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы маусымда 13,5%-ды (2024 жылғы мамырда – 13,7%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,6%-ды құрады (2024 жылғы мамырда – 13,6%).