Қазақстанда емханалардың 55%-ның тозығы жеткен. Инфрақұрылым жүйесінің жағдайы да мәз емес. Медициналық құрылғылардың 49%-ы  ескірген.  Бұл – Денсаулық сақтау министрлігі келтіріп  отырған соңғы ресми статистика. Әсіресе, Батыс Қазақстан облысында аталмыш түйткіл өзекті тұр. Облыс бойынша медициналық жабдықтардың 80%-ы тозғаны белгілі болды. Сол себепті өңірдегі науқастардың 84%-ы еліміздің өзге өңіріне, қалғаны  шет елге диагноз қойдыруға не ем алуға мәжбүр. Мәселені шешу үшін мемлекет «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын қолға алып отыр. Оның  аясында өңірде 2025 жылға дейін 50 медициналық нысан салу жоспарланған. 

Аталған мәселелердің үкімет тарапынан шешілуін күтпей, халық денсаулығын сақтауды өз бетінше қолға алғандар да бар. Мәселен, 2019 жылы Орал қаласында «Uniserve Medical Center» көпкешенді клиникасы ашылған еді. Қатарында 200-ден астам медқызметкері бар, 9 емдеу диагностикалық бөлімшесімен, үш операция залымен жабдықталған орталықта бүгінде 17 мың халық тіркелген. Клиниканың негізін қалаушы Нұрғазы Сәтпаевтың айтуынша, елдегі түрлі офтальмологиялық емнің қолжетімсіздігі жеке клиника ашуға сеп болған.


«Қазақстанның  барлық облысы, салалары бойынша статистика жүгізіліп, денсаулық сақтау саласы соңғы орында тұрғанына көзім жетті. Сол себепті медициналық орталық салу  туралы шешім қабылдадым. Бірінші кезекте офтальмология бөлімшесін ашуды жөн көрдім. Жергілікті науқастардың өзге қалаларға тексеріске бармай-ақ, Оралдың өзінде жоғары дәрежедегі медициналық қызметпен қамтылуын қаладым», – деп еске алады «Uniserv Medical Center» ЖШС негізін қалаушы Нұрғазы Сәтпайұлы.

Осы орайда, «Uniserv Medical Center»-де көздің торлы қабығына күрделі ота жасалатынын атап өткен жөн. Бұған дейін мұндай операция квота арқылы тек Алматы мен Астанада жүргізілетін еді. Енді ол озық аппараттар мен дәрігерлердің біліктілігі арқасында Оралда да мүмкін болып отыр. Бұдан өзге, мұнда қала бойынша алғаш рет Lasik әдісі арқылы көзге ем жүргізіле бастады. Осы арқылы азаматтар жақыннан не алыстан көрмеуді, астигматизмді емдеп жүр. Клиниканың бас директоры Сәуле Бұлқашеваның айтуынша, орталық 2019 жылы сатып алған  құрал-жабдықтармен тоқтап қалмай, олардың қатарын үнемі толықтырып, жаңартып отырады. 

«Еуропа өндірушілерімен келісім жасасып, озық техникалармен жабдықтаймыз. Мысалы, ламинарлы ағымға ие операциялық бөлім аштық. Бұл қашан келсең де стерильді болып тұартын, екі операциялық блок орналасқан бөлме. Біреуінде Siemens ангиографиялық аппараты орнатылған, мұнда кардиологиялық және нейрохирургиялық оталар жасалады. Екінші операциялық бөлме Carlsors бейне эндоскопиялық құрылғымен жабдықталған. Мұнда урологиялық, гинекологиялық және хирургиялық операциялар жүргізіледі», – дейді клиниканың бас директоры.

2 мыңнан астам медициналық қызметтің түрін ұсынатын орталық Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне қосылған. Осыдан екі жыл бұрын тәуліктік стационарын ашты. Бұл – ең алдымен, ем алушылар үшін өте ыңғайлы болып отыр.

Тағы бір айта кететін жәйт, 2019 жылы «Uniserve Medical Center»-ге президент Қасым-Жомарт Тоқаев барған еді. Сол кезде мемлекет басшысы қызметкерлердің жұмысына табыс тілеп, осындай орталық ашқан инвесторға алғысын білдірген. Жоба Қазақстанда шағын және орта бизнеске белсенді қолдау көрсететін Jusan Bank-тің инвестициясымен іске асырылып отыр.

«Менің ойымша, Jusan Bank  қажеттіліктерді мұқият зерделеп, әр азаматқа қол ұшын созуға дайын тұартын үздік банктердің бірі. Осындай банктің арқасында Қазақстанда бизнесіміз одан әрі дами түседі деген сенімдемін». – дейді «Uniserv Medical Center» ЖШС негізін қалаушы, Нұрғазы Сәтпайұлы.


Жалпы, соңғы үш жылда Jusan Bank шағын және орта бизнес секторын 900 миллиард теңгеге қаржыландырғанын айта кетекен жөн. Нәтижесінде 175 мың жаңа жұмыс орны ашылған.

Екінші деңгейлі банктердің тұрақтылығы мен сенімділігі оның қаржылық көрсеткіштерінің жақсаруы, салынған депозит пен берілген несиемен ғана шектелмесе керек. Әсіресе жүйе құраушы ірі банктер бизнесті қаражыландыра отырып елдің экономикалық өсіміне ықпал етсе, әлеуметтік мәселені де шешуге бағытталған кәсіпорындарға қаржы сала отырып Jusan Bank елдің экономикалық және әлеуметтік дамуға да өз үлесін қосып отыр.