Қазақстандықтар екі айда банкроттыққа 49 мыңнан астам өтініш берген. Бұл ретте 32 мың өтініш қабылданбады, деп хабарлады ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

«Екі айдың ішінде 50 мыңға жуық өтініш жақсы көрсеткіш және қаржылық жағдайымызды жақсартуға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Біз қазірдің өзінде жұмысқа 6 мың өтінішті қабылдадық және алты ай ішінде олар банкрот деп танылады», – деді Ержан Біржанов Сенат отырысында айтты.

Вице-министрдің айтуынша, банкрот деп жариялаудан бас тартудың негізгі себептері қарыздың 1600 АЕК-тен (2023 жылы 5,5 млн теңге) аспауы және бірнеше несиенің болуы.

«Тағы бір мәселе, кейбір өтініш берушілер ипотека төлеп отырғаны үшін өзін банкрот деп жариялағысы келеді. Өтініш берушілердің мүлкі, көлігі, жер телімдері болған жағдайлар көп. Бұл әсіресе соттан тыс банкроттыққа қатысты. Яғни, 70 пайызға жуық бас тартулар бар, бірақ бұл қалыпты тәжірибе», – деді вице-министр.

Ол бас тартылғаннан үш айдан кейін жаңа өтініш беруге болатынын еске салды.

3 наурызда Қазақстан банкроттық туралы өтініштерді қабылдауды бастады. Бұған дейін тек компания ғана банкротқа ұшыраса, енді жеке тұлғалар да мұны істей алады.