Елімізде балық пен теңіз өнімдері өндірісі өсті. 2023 жылғы қаңтар-шілдеде жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балық өндірісі 27,3 мың тоннаны құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,1% артық.
Пісірілген немесе консервіленген балық, сондай-ақ уылдырық және оның алмастырғыштар өндірісі биыл қаңтар-шілдеде 7,8 мың тоннаны құрап, былтырғымен салыстырғанда бірден 37,7% өсті.
Қазақстанда 2023 жылдың бірінші тоқсанында балық пен теңіз өнімдерін тұтыну орташа есеппен жан басына шаққанда 3,4 килоны құрады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 2,3% төмендеді.
ҚР өңірлері арасында балық пен теңіз өнімдерін тұтыну айтарлықтай өзгерді. Ең жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: бір адамға орта есеппен 4,8 кило. Одан кейін Атырау (4,5 кило), Солтүстік Қазақстан (4,4 кило) және Батыс Қазақстан (4,4 кило) облыстары келеді. Бұл ретте Шымкентте тұтыну бір тұрғынға небәрі 1,5 килоны құрады. Маңғыстау (2,4 кило), Ұлытау (2,9 кило) және Ақтөбе (2,9 кило) облыстарында да көрсеткіш аз.
Балық пен теңіз өнімдерінің бағасы 2023 жылғы шілдеде бір айда 0,4%, бір жылда бірден 18,7% қымбаттады. Айта кетейік, бір жыл бұрын баға өсімі 18,8% болған.
Сектордағы бағаның ең жоғары өсімі Ұлытау облысында байқалды: бір жылда бірден 37,4%. Одан кейін Маңғыстау және Павлодар облыстарында: әрқайсысында 28,1%. Бағаның ең аз өсімі Батыс Қазақстан (8,1%) және Солтүстік Қазақстан (12%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (12,7%) байқалды.
Жаңа ауланған немесе мұздатылған балық пен теңіз өнімдерінің бағасы айтарлықтай өсті: бір жыл өсім 12,2% болса, биыл 20,7%.
Шілде айының қорытындысы бойынша, өңделген және консервіленген балық бір жылда 16,2% қымбаттаса, бір жыл бұрын бірден 25,5% қымбаттаған.