2024 жылғы 22 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы қызмет нәтижелері қаралып, цифрландырудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясы шеңберіндегі бастамалар талқыланды.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы Холдингтің 2024 жылғы I тоқсандағы қызметінің нәтижелері туралы есеп берді, оған сәйкес Холдингтің бірінші тоқсандағы таза пайдасы алдын ала мәліметтер бойынша 121 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% артық.
I тоқсанда жалпы сомасы 153,5 млрд теңгеге 14 экспорттық операция және 8 инвестициялық жоба қаржыландырылды.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау бағыты бойынша 178 млрд теңге сомасына 3 461 субъектіге қаржыландыру көрсетілді. Сондай-ақ жалпы сомасы 210,7 млрд теңгеге 36 экспорттаушыға қолдау көрсетілді.
Отбасы банк бірінші тоқсанда халыққа 248,6 млрд теңге сомасына қарыз берді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,7% артық.