Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі 2022 жылға шоғырландырылған қаржылық есебін жариялады.
2022 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес:
- Меншікті капитал 2021 жылғы 1,7 трлн теңгеден 2022 жылы 2,1 трлн теңгеге;
- Жиынтық актив 9,9 трлн теңгеден 12,2 трлн теңгеге;
- Жиынтық міндеттемелер 8,2 трлн теңгеден 10,1 трлн теңгеге;
- Таза пайда 110,2 млрд теңгеден 380,6 млрд теңгеге дейін өсті.