Мемлекет «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасының 5% акциясын алды, деп хабарлайды KASE.
«Баян сұлу» 5% акциясын нарыққа шығарды, оны Қостанай облысының әкімдігіне толықтай тиесілі «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы сатып алды.
Қосымша акцияларды шығару туралы шешім шілдеде қабылданды, бірақ KASE-де сауда қазан айында өтті. Қазіргі уақытта компанияның акционерлері:
- Кәсіпкер Ерлан Баймұратовтың KazFoodProducts компаниясы – 85% акция немесе 68 млн бағалы қағаз;
- Тимур Садықов – 5% немесе 4 млн бағалы қағаз;
- «Тобыл» ӘКК – 5%, немесе 4 млн дана.