Автокредиттеу екінші ай қатарынан баяулап жатыр: несие сомасы (118,7 млрд теңге) 2023 жылдың сәуірінен бастап ең төменгі деңгейде, несие саны (13,7 мың бірлік) былтыр ақпаннан бергі ең төменгі деңгейде.
Қаңтармен салыстырғанда ипотека өсті: қаңтарда 167,2 млрд теңгенге ипотекалық несие берілсе, бір айда көрсеткіш 19% өсті, ипотекалық несие саны 10,4 мыңға жетті.
Жеке тұлғаларға бизнес несие беру көлемі де өткен аймен салыстырғанда 27% өсіп, 26,9 млрд теңгеге жетті, ал берілгендер саны 7%, 29,6 мың несиеге дейін ұлғайды.
Қаңтар айымен салыстырғанда кепілсіз тұтынушылық несиелендіру аздап қысқарды (1%, 2,9 млн-ға дейін), бірақ көлемі ұлғайды (+13%, 849,7 млрд теңгеге дейін). Орташа сома тиісінше өсті. Несие алғандардың 10%-ы, яғни 214 мыңы 23 мың теңгеден аспайтын несие алды.
Бизнесті несиелендіруге келсек, ол 1,4 трлн теңгені құрады, қаңтармен салыстырғанда бірден 27% көбейсе, бір жылда 32% ұлғайған. Сонымен қатар, несие саны өткен аймен салыстырғанда 17% өсті, ал 2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда жалпы алғанда 13,1% (44,5 мың) азайды.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің портфелі 1 наурыздағы жағдай бойынша 24,7 трлн теңгеге дейін өсті, оның 2,7 трлн теңгесі жеке кәсіпкерлерге тиесілі.