Биыл егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға алғаш рет 580 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 400 млрд теңгеге артық. 

Бүгінгі таңда 5 мың АШТӨ 330 млрд теңгеге несие беріліп, бұл ретте кәсіпорындардың 88%-ы шағын бизнеске, 11%-ы орта кәсіпорындарға және қарыз алушылардың тек 1%-ы ірі кәсіпорындарға тиесілі. 

Бұл ретте қарыздар көлемі бойынша 60%-ы шағын шаруашылықтарға, ал ірі бизнеске бөлінген қаражаттың тек 16%-ы ғана тиесілі, қалған қарыз көлемін орта кәсіпорындар алды.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай кредиттер бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға құжаттарды тапсырудың қажеттілігінсіз жылдық 5% құрайды, ал кредит мерзімі – 12 айға дейін.