Статистика бюросы дерегінше, 2023 жылдың шілдесінде әуе көлігі кәсіпорындарының кірісі 80,5 млрд теңгені құрады. Бұған дейін ең көп табыс 2022 жылдың тамызында 73,6 млрд теңге болған.
Биыл 7 айда компаниялардың жиынтық табысы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 276,8 млрд теңгеден асып, 418,1 млрд теңгеге жетті.
Табыстың көбею себебі – жолаушылар ағынының артуы (әуе компанияларына негізгі кірісті жүк емес, адамдар әкеледі). 2023 жылғы қаңтар-шілде әуе кемелерімен тасымалданған жолаушылар саны 7,3 млн адамды құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 26,1% артық. Сонымен қатар, шілде айы мұнда да рекорд болды – 1 384,9 мың жолаушы.
Екінші себеп – бағаның өсуі. Әуе көлігі қызметтері 2023 жылдың басынан бері 48,4% қымбаттады. Бұл тұрғыда ақпан (+21,5%) мен сәуір (+17,7%) ерекше таң қалдырды. Нақтырақ айтсақ, шілде айында қызмет құны 4% өскен.