Астанада 8-9 маусым аралығында өтіп жатқан халықаралық Астана халықаралық форумына бюджеттен 1 млрд теңге жұмсалды, деді премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, президент министрлер кабинетіне елдің түрлі имидждік шараларға жұмсайтын шығынын азайтуды тапсырды. Дегенмен, Астана форумы қазірдің өзінде тарихы бар, белгілі бір беделге ие болғандықтан, еліміздің басты саммиті ретінде қалдырылды.
«Біздің форумға келетін болсақ, біздің әкімшіміз – ҚР Ұлттық экономика министрлігі. Біз шығындарды республикалық бюджетте қарастырдық – бұл шамамен 1 млрд теңге. Бұл басты форум. Басқа форумдар басқа министрліктер арқылы өтеді», - деді Жамаубаев.
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биылғы форум шығыны жағынан 2019 жылғы саммитпен салыстыруға болатынын түсіндірді.
8-9 маусым аралығында Қазақстанның елордасында 70 елден мыңнан астам қонақтың қатысуымен Астана халықаралық форумы өтуде. Бұл форум 2008-2019 жылдар аралығында Қазақстанның астанасында өткен Астана экономикалық форумының мұрагері.