Astana International Exchange 2024 жылдың тоғыз айындағы AIX қызметінің нәтижелерін ұсынады.

Жыл басынан бері биржада сауда-саттық көлемі айтарлықтай өсті, соңғы жылдардағы рекордтық айналым $922 млн-ға жетті. Жалпы, AIX іске қосылған сәттен бастап сауда айналымы $2 млрд-тан асты.

«AIX іске қосылған сәтінен бастап 2 млрд доллардан асатын сауда айналымына қол жеткізді, оның ішінде шамамен 1 млрд АҚШ доллары – биылғы сауда-саттыққа тиесілі. Біз сондай-ақ сауда мүшелеріміздің құрамындағы айтарлықтай өзгерістерді көріп отырмыз, өйткені шетелдік юрисдикциялардағы брокерлер қазір нарыққа құнды халықаралық тәжірибе мен үздік практикаларды әкелуде шешуші рөл атқаруда. Өсуін жалғастыра отырып, AIX қызмет көрсету сапасын жақсартуға және географиялық қамтуды кеңейтуге ұмтылуда, бұл біздің халықаралық деңгейде танылған биржа ретіндегі позициямызды одан әрі нығайтады», – деп атап өтті AIX басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова.

2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша AIX нәтижелері:

  • 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы сауда-саттық көлемі 2023 жылдың үшінші тоқсанындағы $80 млн-мен салыстырғанда 2,7 есе өсіп, $217 млн-ға жетті.
  • Көрсетілген кезеңде AIX ресми тізіміне 41 жаңа қаржылық құрал қосылды, қазір ресми тізімге 131 эмитенттің 219 бағалы қағаздары кіреді. Қыркүйек айында жаңа листингтердің рекордтық саны орналастырылды — 18. Бұдан басқа, өтімділікті басқарудың екі бағдарламасы тіркелді.
  • Шетелдік инвесторлардың акциялармен сауда-саттыққа қатысуы шілдеде 11%, тамызда 21% және 2024 жылдың қыркүйегінде 17% құрады.
  • Биржа іске қосылған сәттен бастап тартылған капиталдың (борыштық және үлестік) жалпы көлемі $5,9 млрд құрады.
  • AIX пен AIX CSD-де 56 сауда мүшесі; оның 22-сі – әртүрлі Еуропа елдерінің, араб мемлекеттерінің, ТМД, Қытайдың шетелдік компаниялары + бір халықаралық брокер. 2024 жылдың үшінші тоқсанында AIX пен AIX CSD-ге: Investment company Standard (Қазақстан), Abylai Global Solutions (АХҚО), Roemer Capital (Кипр), KIT Finance және Piter Trust Investments Company (Ресей) сияқты компаниялар қосылды. Бұдан басқа, Еуразиялық банк (Қазақстан), ), ITS CSD мен RCS Trust and Corporate Services (АХҚО) AIX Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің (AIX CSD) кастодиандары атанды. Он жаһандық кастодианның AIX CSD-де қосалқы шоттары бар.
  • 1,8 млн-нан астам қазақстандықтың AIX CSD-де инвестициялық шоттары бар.
  • AIX Qazaq индексі өткен жылмен салыстырғанда 12.4% өсіп, 2024 жылғы 23 тамызда 1,401.28 тармаққа жетті.