Алтын екі аптада 11,5% қымбаттады.
1 грамм алтынның ресми құны бүгінде 29 347,83 теңгені құрайды. Соңғы 2 аптада (13 наурыздан бастап) құны 3 мың теңгеге немесе 11,5% өсті.
Негізінде, қазіргі көрсеткіш айтарлықтай жоғары – қымбат метал соңғы рет 2022 жылдың 29 наурызында қымбаттаған. Бұл бір жыл бұрын
Американдық (содан кейін тек американдық емес) банктердің проблемалары нарықтың құлдырауына әкелді. Ал алтын дәстүрлі түрде қорғаныш активі ретінде жоғары сұранысқа ие болды. Инвесторлар жаппай алтын ала бастады. Бұл бағаның қымбаттауына себеп болды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін америкалық Silicon Valley Bank, Silvergate банкі мен Швейцарияның алып Credit Suisse банкі дағдарысқа ұшыраған еді.