Трейдерлер, аффинаждар және тау-кен өндіруші компаниялар алтын бағасы 2025 жылдың қазан айының соңына қарай унциясына 2,9 мың долларға дейін көтеріледі деп күтеді, бұл қазіргіден шамамен 10% жоғары. Бұл туралы Kursiv басылымы Асыл металдар нарығы қауымдастығы (LBMA) жүргізген сауалнамаға сілтеп хабарлайды.
Bloomberg хабарлағандай, бір унция үшін 2,9 мың доллар көрсеткіші LBMA конференциясында екі күн бойы сауалнама жүргізілген нарық қатысушыларының болжамына негізделген. Сауалнамаға сәйкес, алдағы жылы күміс 40%-дан астам қымбаттап, бір унция үшін 45 долларға жетеді.
Жыл басынан бері алтын фьючерстері 2,08 мыңнан 2,68 мың долларға дейін қымбаттап, жыл басынан бері 1 грамм алтын 37%, 30,3 мың теңгеден 41,5 мың теңгеге дейін қымбаттады.
Алтын қауіпсіз актив ретіндегі тартымдылығының, диверсификациялау рөлінің және орталық банктердің сатып алуының арқасында рекорд орнатуда. Алтын бағасы 2024 жылдың қыркүйегінде рекорд орнатып, 2,7 мың додларға жақындады. Бұған ФРЖ мөлшерлемесін төмендету, АҚШ сайлауын күту және Таяу Шығыстағы шиеленіс ықпал етті деп хабарланды.