Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісім-шарттар мен лицензияларды қайта қарау жұмыстарын жүргізуде. 2022 жылы уәкілетті органдар қатты пайдалы қазбаларға қатысты 115 келісімшарт пен 198 лицензияны, сондай-ақ көмірсутектер бойынша 12 келісімшартты бұзды.
Нәтижесінде алтын, көмір, темір, мыс, боксит кен орындары аукцион арқылы стратегиялық инвесторларға беру үшін мемлекетке қайтарылды.
2022 жылы өткізілген аукциондардың қорытындысы бойынша ел бюджетіне 26 млрд теңге көлемінде жазылым бонусы төленді және көмірсутек шикізатын геологиялық барлауға 50 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукционға барлық мүдделі инвесторлар қатыса алады. Оларды өткізу туралы ақпарат республикалық баспа басылымдарында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде орналастырылады.
Бұл ретте уәкілетті органдар жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұл санкцияларын қолдану, қаржылық міндеттемелерді бұзған.
Мәселен, 2022 жылы қатты пайдалы қазбалар бойынша мемлекет кірісіне 331 млн теңге өсімпұл өндірілді, сондай-ақ көмірсутек шикізаты саласындағы 9 келісімшарт бойынша 1,8 млрд теңге қарыз өтелді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жер қойнауын пайдалану саласына, бірінші кезекте қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеруге инвестиция ағыны артады.