Алтын бағасы жаңа тарихи рекорд орнатты. Желтоқсан айындағы металл фьючерстерінің бағасы унциясына 2 664,6 доллардан асты. Бағаның өсуі 2023 жылдың қазан айынан бастап жалғасуда.
Бағаның өсуіне АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің ставкасының төмендеуі, Таяу Шығыстағы шиеленіс және АҚШ-тағы болатын сайлау ықпал еткенін атап өтті.
Өткен аптада, 19 қыркүйекте ФРЖ базалық мөлшерлемені 50 базалық тармаққа төмендетіп, 4,75-5%-ға дейін түсірді. Содан бері алтынның унциясысы 65 долларға қымбаттады.
Тамыздың аяғында Қазақстан Ұлттық банкінің алтын қоры 2,2% өсіп, 22,4 млрд долларды құрады, ал жыл басынан бергі өсім 20,2%-ға жетті.