24 маусымдағы бағалы металдың 1 граммының құны – 35,3 мың теңге, бұл - 2017 жылдан бері Ұлттық банктің қол жетімді статистикасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Әрине, ұзақ уақыт аралығындағы мұндай есептер теңгенің құнсыздануын ескерсек, шартты, бірақ ресми түрде рекорд бар. Жыл басымен салыстырғанда 1 граммның бағасы 16%, ай басымен салыстырғанда 6% өскен. Рас, теңге бағамы қазір сол кездегіден біршама төмендеп кетті.
Айтпақшы, әлемдік биржалардағы алтын бағасы қазір долларға шаққанда осы көктемде тіркелген рекордтардан төмен. Дегенмен, жыл басымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.