Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2021 жылғы III тоқсанда 5,3% құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмен.


2021 жылғы III тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (9,5%), Маңғыстау  (8,1%) облыстарында және Шымкент (5,8%) қаласында байқалды, ал ең төмені – Қарағанды, Қостанай (3,4%-дан)  облыстарында тіркелді.

Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2021 жылғы III тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,7, азық-түлік емес тауарларға – 7,9, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6,1 есені құрады.