Алматы облысында тұрмыстық техника өндірілмек.

Алматы тұрмыстық техника зауыты құрылтайшысы Сойыртас Абдулқасым және қаржы директоры Әділжан Қожабергенов  қазіргі уақытта газ және электр пештерін шығаруды ұйымдастыру бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асырылғанын айтты.

Зауыттың жобалық қуаты жылына екі жүз мың пеш шығаруға жетеді.

Зауыт Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жармұхамбет ауылында 6 гектар жерде салынып, 2021 жылдың 30 қыркүйегінде іске қосылған.

Сонымен қатар бүгінгі таңда отандық шикізатты пайдалануды көздейтін теледидарлар, тоңазытқыштар мен мұздату жабдықтары, шағын пештермен үлкен пештер шығарудың өзекті қажеттілігі туындап отыр, бұл отандық компаниялардың өнімін арттыруға мүмкіндік береді. 

Зауыттың өндірістік қуаты 1 млн бірлік жабдықты құрайды, 1-кезеңдегі жобаға инвестиция 25 млрд теңгеден асады. 1200-ге жуық жұмыс орны ашылады.