Биылғы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 72,2 мың жұмыссыз жас бар, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9% аз, деп хабарлайды finprom.kz.
Жұмыссыз ерлер саны 28,1% азайып, 25,4 мың адамды құрады, ал жұмыссыз әйелдер саны, керісінше, 10,9% өсіп, 46,8 мың адамды құрады.
Салыстыру үшін: 2021 жылдың үшінші тоқсанында елде 29 жасқа дейінгі 75,5 мың жұмыссыз адам болды, алдыңғы жылдан 6,9% аз. Жұмыссыз жастардың саны үшінші жыл қатарынан азайып келеді.
Өңірлер бойынша жұмыссыз жастардың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады: 12,5 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 10,6% аз.
Одан кейін Астана (7,8 мың адам, 16,9% көбейген) және Түркістан облысы (6,7 мың адам, 10,7% көбейген) кірді.
Жас жұмыссыздардың ең азы Ұлытау өңірінде: бар болғаны 665 адам. Қазіргі уақытта бұл деректер жаңадан құрылған облыс статистикасының ерекшелігінен болуы мүмкін. Одан кейінгі орында Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары: сәйкесінше 1,4 мың және 1,5 мың адам.
Биылғы үшінші тоқсанында жұмыссыз жастардың басым бөлігі 1 айдан 3 айға дейін жұмыс іздеумен болды: 20,9 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 7,3% аз.
Бір айдан аз уақыт жұмыс іздеп жүргендер саны 4,8%, 16,4 мың адамды құрады.
Тағы 18,5 мың жұмыссыз 3 айдан 6 айға дейін, 7,5 мың адам алты айдан бір жылға дейін, 8,8 мың адам бір жылдан астам жұмыс іздеген.