Қазақстанда 2024 жылы алмаға сұраныс 100% отандық өндіріспен қамтамасыз етәледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.
«Біз бірнеше жыл бойы алма өсіру бағдарламасын іске асырдық. Бүгінгі таңда ішкі нарықты толық қанағаттандыру үшін биылғы өнім 300 мың тоннаны құрайды деп күтеміз», — деді ол.
Вице-премьердің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 10 тауар бойынша Қазақстанның ішкі нарығы 100% отандық өніммен қамтамасыз етілген.
«10 тауар бойынша біз 100% қамтамасыз етеміз. Бұл ұн, тұз, нан, күріш, макарон, сары май, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз. 14 азық-түлік тауарлары үшін 80% немесе одан да көп. 5 азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділік бар. Құс етінің 73 пайызын, шұжықтың 60 пайызын, балықтың 60 пайызын, ірімшік пен сүзбенің 46 пайызын, қанттың 44 пайызын өзіміз қамтамасыз етеміз. Бұл жерде белгілі бір тәуекелдер бар. Және, әрине, Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістердің кейбір түрлері, мүмкін, апельсин, банан және т.б. Бұл өнімдердің қымбаттауына байланысты белгілі бір қауіп бар. Бірақ айтарлықтай емес», — деп нақтылады вице-премьер.
«Бұл жерде өспейтін апельсин, лимон және басқа да цитрус жемістеріне келетін болсақ, қазір Еуразиялық экономикалық комиссияда осы өнім түрлеріне әкелінетін кедендік баж салығын төмендету мәселелері қаралып жатыр. Бірақ бізде жабық топырақпен жұмыс істейтін, жылыжай салатын кәсіпорындар болғандықтан, бұл олардың ертеңгі қызметіне қалай әсер етеді, нарықта қысым бола ма деп қарап жатырмыз. Сондықтан жақын арада Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесінде шешім қабылдайтын боламыз. Кәсіпкерлерімізге қауіп төніп тұрғанын көрсек, баж салығын азайтамыз. Менің ойымша, бұл айырбас бағамы беретін әсерді бейтараптандырады», — деп түйіндеді сөзін Серік Жұманғарин.