2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру шығындары 3,3 трлн теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 10,2% артық, деп хабарлайды finprom.kz.

Анықтама үшін: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде шығын бір жылда 7,1% өсіп 3 трлн теңге болған. 

Жергілікті бюджеттің әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру шығындары бір жылда 12,6% өсіп, 326,1 млрд теңгені құрады.

Өңірлер бойынша Түркістан облысының бюджетінен әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру ең көп ақша бөлінді: 36,7 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 6,2% артық. Одан кейін Алматы (28 млрд теңге, 22,9% көбейген) және Шығыс Қазақстан облысы (24,9 млрд теңге, 10,5% көбейген).

Ең аз бөлінген Ұлытау, Абай және Атырау облыстарында.

Саладағы шығындардың ең көп жылдық өсімі Маңғыстау облысында (бір жылда 39,1% көбейіп 13,9 млрд теңгеге жетті), ең көп қысқару Шымкентте (34,9% азайып, 15,9 млрд теңгені құрады) байқалды.

2022 жылдың үшінші тоқсанында жасына байланысты орташа зейнетақы төлемі 9,5% өсіп 74,2 мың теңгеге, мемлекеттік орташа базалық зейнетақы төлемі 8,7% көбейіп 33,7 мың теңгеге дейін, орташа мемлекеттік әлеуметтік төлем 9,2% ұлғайып 50,9 мың теңгеге, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 9,3% көбейіп 8,4 мың теңгеге жетті. Мемлекеттік тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 5,6% азайып 7,2 мың теңге болды. Биылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бірден 19,2% өсіп 6,7 мың теңгені құрады.

Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылардың саны артты. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік тұрғын үй көмегі және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек сияқты төлемдерді алушылардың саны азайды.