Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін «Kaspi.kz» АҚ (-14,8%) акциялары бағасының төмендеуі есебінен 2024 жылғы қыркүйекте 4,5% немесе 1,5 трлн теңгеге төмендеп (2024 жылдың басынан бастап 17,8% өскен), 2024 жылғы 1 қазанда 31,5 трлн теңгені құрады.

KASE индексі 2024 жылғы қыркүйекте 2,5% э, 5 171,79 тармаққа дейін азайды (2024 жылдың басынан бастап 23,5% өсті).

Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «KEGOC» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ және «Баян Сұлу» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің ұлғаюы есебінен бір айда 19,0% немесе 1,7 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы қыркүйекте 10,8 млрд теңгені құрады.

«KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі негізінен Microsoft Corporation, Apple Inc. және Advanced Micro Devices, Inc. акцияларының сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен бір айда 17,0% немесе 0,5 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы қыркүйекте 2,4 млрд теңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2024 жылғы қыркүйекте негізінен корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен 14,2 трлн теңгеге дейін 0,1% немесе 14,8 млрд теңгеге азайды (2024 жылдың басынан бастап 5,1% өскен).

2024 жылғы қыркүйекте KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі негізінен қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемінің азаюы есебінен алдыңғы аймен салыстырғанда 50,9% немесе 253,0 млрд теңгеге 243,9 млрд теңгеге дейін азайды. 

2024 жылғы қыркүйекте корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 2024 жылғы тамыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 20,6% немесе 49,2 млрд теңгеге төмендеп, 189,5 млрд теңгені құрады. 2024 жылғы қыркүйекте 12 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 14 шығарылымы орналастырылды, купондық сыйақы мөлшерлемесі 8,0%-дан 35,0%-ға дейін өзгеріп отырды.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2024 жылғы қыркүйекте 0,8% немесе 0,2 трлн теңгеге 27,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 14,3% өскен).

KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің қысқаруы нәтижесінде бір айда 14,8% немесе 440,6 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша 0,5 трлн теңгені құрады.

МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 33,1% немесе 127,2 млрд теңгеге 257,1 млрд теңгеге дейін төмендеді. Оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі 7 облигациялар шығарылымын орналастырып, өтеуге табыстылығы 13,16-13,43%-ды құрайтын 203,1 млрд теңгені тартты, он бір облыстың және Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 54,0 млрд теңге тартты.

Инвестициялық пайлар нарығындағы басқарудағы активтер негізінен инвестициялық қордың пайларын сатып алуды жүзеге асыру мақсатында жеке инвестициялық қордың бағалы қағаздарын сату есебінен 2024 жылғы қыркүйекте 0,1% немесе 322 млн теңгеге азайып, 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 297,7 млрд теңгені құрады. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 261,5  млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 87,9%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады.