2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру, негізінен, индекстік компаниялар акциялары бағаларының өсуі есебінен 4,7% немесе 1,1 трлн теңгеге 23,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап – 13,1% ұлғайған).

KASE индексі 2023 жылғы шілдеде 3 707,7 тармаққа дейін 2,9% өсті (2023 жылдың басынан бастап – 14,0% өскен). Биыл шілдеде акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, «Матен Петролеум» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 72,6% немесе 6,9 млрд теңгеге ұлғайып, 16,5 млрд теңгені құрады.

«KASE Global» секторында 44 түрлі акция және 14 шетелдік эмитенттің ETF акциялары болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір ай ішінде 8,5 есе немесе 9,3 млрд теңгеге ұлғайып, 2023 жылғы шілдеде  10,5 млрд теңгені құрады.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру 2023 жылғы шілде айында 1,0 трлн теңгеге немесе 2,8% ұлғайып, 37,0 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бастап – 3,8% өсім).

Биыл шілдеде инвесторлар санының өсуі жалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 686 812 қосалқы шотқа дейін 1 318-ге немесе 0,2% өсті (2023 жылдың басынан бері 24,8% немесе 137 мың қосалқы шотқа көбейді).