Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін «Банк ЦентрКредит» АҚ (+9,9%), «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (+5,8%) және «Қазақтелеком» АҚ (+5,5%) акциялары бағасының өсуі есебінен 2024 жылғы шілдеде 1,9% немесе 0,6 трлн теңгеге (2024 жылдың басынан бастап 23,1%) ұлғайып, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 32,9 трлн теңгені құрады.

KASE индексі 2024 жылғы шілдеде 1,6%, 5 234,4 тармаққа дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 25,0%).

Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «АҚ Алтыналмас» АҚ жай акцияларын сатып алу бойынша мәмілелердің және «Алтай Ресорсиз» АҚ және «Кселл» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 5,4 есе немесе 44,8 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы шілдеде 54,9 млрд теңгені құрады.

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің 100 атауының акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді. 

«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 46 түрлі акция, 55 шетелдік эмитенттің 12 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі негізінен Apple Inc., NVIDIA Corp. және Tesla, Inc. акцияларының сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен  бір айда 3,7 есе немесе 5,9 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы шілдеде 8,1 млрд теңгені құрады.