Жаңа Бюджет кодексі аясында республикалық деңгейден жергілікті деңгейге цифрлық майнинг үшін төлем, ел аумағы арқылы автокөлік құралдарының өтуіне арналған төлем, радиожиілік спектрін (телерадио хабарларын тарату) пайдалануға рұқсат беру үшін төлем, ойын бизнесіне салынатын салық, мемлекеттік баждар мен айыппұлдар беріледі. Нәтижесінде 2023 жылғы деректер негізінде жергілікті деңгейге берілетін түсімдердің жалпы сомасы шамамен 95,1 млрд теңгені құрайды.
Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығы аудандық деңгейге беріледі. Нәтижесінде 17 облыстағы үшінші деңгейлі (аудандық) бюджеттердің жергілікті бюджет кірістеріндегі үлесі республикалық маңызы бар қалаларды есепке алмағанда, 35%-дан 47%-ға дейін өседі.
Сонымен қатар кодексте агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің өзара қарым-қатынастары реттеледі.