LSE-де «Эйр Астана» АҚ бағалы қағаздарының сауда-саттығының ашылу салтанаты өтті, оған авиакомпанияның президенті Питер Фостер мен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов бейнебайланыс арқылы қатысты.
Air Astana IPO орналастыру бағасы бір акция үшін 1 073,83 теңгені және GDR үшін 9,5 долларды құрады.
Қанағаттанған көлемнің жартысынан астамын қазақстандық инвесторлар құрады.
Орналастырудан кейін Қор Компанияның жалпы орналастырылған акцияларының 41%-ына және BAE Systems PLC 15,3%-ына ие болады (артық орналастыру опционын толық орындау шартымен).
2001 жылы Air Astana құрылған кезде акционерлер компанияға небәрі 17 миллион доллар инвестициялады, одан кейін қосымша инвестиция болған жоқ.
Өтінімдерді жинауды аяқтау кезінде компанияның құны 847 миллион долларға бағаланды, бұл оның өмір сүрген кезеңіндегі шамамен 50 есе әсерлі өсуді білдіреді.