Индустрия министрлігінің басшысы Марат Қарабаев 4 пайыздық жеңілдетілген несиеге берілетін қаржының қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалатынын айтты.
Министр 4 пайыздық автонесие бағдарламасы қайта қаралып, оның бағыты өзгеретінін айтты.
«Біз автобустарды несиелендіреміз. Қазір республикада 10 525 автобус бар. Олардың көпшілігі тозған. Мысалы, Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайыздан астамының тозығы жеткен. Ал Орал мен Талдықорғанда тозығы жеткендердің үлесі 70 пайыз. Міндетіміз қолдағы ақшаны максималды тиімді пайдалану», – деді ол.
Оның айтуынша, күн сайын 9,3 миллион қазақстандық қоғамдық көлікпен жүреді.
«Біз үшін халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру бірінші кезекте. Қаражат қоғамдық көлікті қаржыландыруға жұмсалады», – деді.