Биылғы 1 қазанға дейін елімізде 29 жасқа дейінгі тұлғалардың толық меншігіндегі 34,2 мың заңды тұлға жұмыс істеп тұр, былтыр олардың саны 34 мың болған. Бір жыл ішінде көрсеткіш айтарлықтай өзгерген жоқ, бар болғаны 0,5% өсті, деп хабарлайды finprom.kz.
Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде иелері жас жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 21,6% өскен.
Өңірлер бойынша 29 жасқа толмаған тұлғаларға тиесілі жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың көпшілігі еліміздің мегаполистерінде тіркелген. Олардың барлығы барлық компаниялардың 57,9%-ын құрады.
Оңтүстік астанадан (9,2 мың компания, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% көп) және Астанадан (7,8 мың компания, 2,7% көбейген) кейін ҚР-ның үшінші мегаполисі айтарлықтай артта қалды. Шымкентте көрсеткіш 3,9% көбейіп 2,8 мыңды құрады.
Жас кәсіпкерлерге тиесілі компаниялардың ең азы жаңадан құрылған облыстарда – Ұлытауда, Абайда және Жетісуда сәйкесінше 169, 375 және 410.
Көбіне мұндай заңды тұлғалар көтерме-бөлшек сауда және автокөлік жөндеу саласында жұмыс істейді: 12,2 мың кәсіпорын,бір жыл бұрынғыдан 4,7% аз. Одан кейін құрылыс (5,5 компания, 1,9% көп), сондай-ақ кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (2000 компания, 1,7% көп) келеді.
Жас қожайындары бар жұмыс істейтін компаниялардың ішінде мемлекеттік басқару және қорғаныс, жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және қалдықтарды шығару сияқты салаларда жұмыс істейтін компаниялар ең аз болды.