2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жекешелендіру жоспары шеңберіндегі ІРО қарсаңында «Астана» халықаралық қаржы орталығында Самұрық-Қазына қорының портфельдік компанияларының листингін өткізуге дайындық тәсілдерін талқылауға арналған кеңес өтті.
Іс-шараның барысында қор нарығына шығудың мерзімдері, капитал тартудың озық халықаралық іс-тәжірибесін іске асыру мүмкіндіктері, жаһандық инвестициялық қоғамда және Қазақстанда отандық эмитентттерді ілгерілетудің практикалық механизмдері талқыланды.
Қысқамерзімді келешекте ІРО өткзуді көздеп отырған, араларында «Air Astana» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ бар компаниялардың топ-менеджменті жария нарыққа шығудың жағдайы мен орналастыруға қатысты жоспарлары туралы айтып берді.
«2015 жылы Елбасы ұсынған мемлекеттік активтерді жекешелендіру стратегиясы тек капитал нарықтарын дамытуға бағытталып қана отырған жоқ, ол сонымен бірге бұл компаниялардың тиімділігін арттыруға және олардың мемлекет үшін жоғары табыстылықты генерирлеулеріне ықпал етеді. АХҚО юрисдикциясы мен инфрақұрылымы жекешелендіру бағдарламасын АХҚО алаңында іске асыру үшін барынша тартымды шартттар ұсынып отыр, бұған «Қазатомөнеркәсіптің» сәтті кейсі дәлел бола алады», деді «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов.
«Ел басшылығы мен Үкімет Қор мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы алдына инвестиция тарту және қор нарығын дамыту жөнінде үлкен міндеттер қойып отыр. Қор мен АХҚО ынтымақтастығының басым бағыттарының ең маңыздысы – ірі портфельдік компанияларын AIX биржасында ІРО-ға шығару. Біз жергілікті нарықта «Халықтық ІРО» бағдарламасының жеке элементтерін бейімдеп, халықаралық капитал нарығына шығу жоспарларын бірге пысықтауға әзірміз. Мұндай әдіс жалпымемлекеттік міндеттерге және Қор мен оның компанияларының мүдделеріне сай келеді», деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бөлшек сауда инвесторлары алда өткізілгелі отырған ІРО-ға қатысудың кең мүмкіндіктерін алулары тиіс. Жария нарық үшін ұсынысты ол барынша қолжетімді болатындай және инвесторларды тек сатып алу мен сатуға ғана емес, сонымен бірге акцияларды портфельде ұстауға да ынталандыратындай етіп құрылымдау керек», деді AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров.