Мемлекет басшысы «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Заңға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап: 

  • ең төменгі жалақы 60 000 теңгенің орнына 70 000 теңге болады;
  • ең төменгі АЕК (айлық есептік көрсеткіш)  3 450 теңге; 
  • күнкөріс минимумы 49 567 теңгеге дейін көтеріледі;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 21 907 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы мөлшері 53 076 теңге болады.