Қор нарығын капиталдандыру 2023 жылдың қорытындысы бойынша 13,0% немесе 4,6 трлн теңгеге 40,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 0,6% төмендеді).

Акциялар нарығын капиталдандыру 2023 жылы 26,4% немесе 5,6 трлн теңгеге 26,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 0,3% төмендеді).

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 84 эмитенттің 99 түрлі акциясы болды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша KASE Индексі 28,8%, 4 187,4 тармаққа дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 0,5% өсті). «Банк ЦентрКредит» АҚ (+52,7%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+43,4%) және «Kaspi.kz» АҚ (+37,4%) акциялары бойынша капиталдандырудың ең үлкен өсуі байқалды.

2023 жылы акциялармен сауда-саттық көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 8,5% немесе 26,2 млрд теңгеге ұлғайып, 333,5 млрд теңгені құрады. Бұл, негізінен «KEGOC» АҚ акцияларын қайталама жария орналастыру (SPO) есебінен жүзеге асты, оның шеңберінде компания KASE сауда жүйесінде 18,7 млрд теңге тартты, бұл орналастырудың жалпы көлемінің 82,4%-ын құрады.

KASE-ге саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2023 жылы жоғары пайыздық мөлшерлемелер аясында қорландыру құнының қымбаттауы нәтижесінде 6,5% немесе 944,2 млрд теңгеге 13,5 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылғы желтоқсанда 1,2% төмендеді).

KASE корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2022 жылға қарағанда 12,1% немесе 301,5 млрд теңгеге 2,2 трлн теңгеге дейін төмендеді (желтоқсан айында 60,2% өсті). 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 106 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 412 шығарылымы болды.

Корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 2023 жылы 1 522,4 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 2,0% немесе 30,2 млрд теңгеге жоғары.

«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 45 түрлі акция, 11 ETF және 53 шетелдік эмитенттің акциялары болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 36,5 млрд теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 41,7% немесе 10,8 млрд теңгеге ұлғайды (желтоқсан айында 44,1% өсті).

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2023 жылы 10,7%, 23,9 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылғы желтоқсанда 1,9% төмендеді).

KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 8,0 трлн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 33,5% немесе 2,0 трлн теңгеге ұлғайды.

МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 26,3% немесе 1,0 трлн теңгеге 5,2 трлн теңгеге дейін өсті. Оның 139,6 млрд теңгесін 15 облыс, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының әкімдіктері тартты. Қаржы министрлігі жылдық 11,50-17,78% орташа алынған кірістілікпен 5 096,3 млрд теңге тартты.

Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бойынша банктердің үлесі 48,8%-ды, брокер-дилерлердің – 1,6%-ды, басқа институционалдық инвесторлардың – 40,7%-ды, басқа заңды тұлғалардың үлесі – 8,9%-ды құрады, жеке тұлғалардың үлесі – 0,1% - дан кем болды. МБҚ  бастапқы нарығындағы бейрезиденттердің үлесі 0,1%-дан кем болды.

Ұжымдық инвестициялау нарығында 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 51 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 25 аралық, 25 жабық және 1 ашық пай қоры.

Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер 2023 жылы 2,3 есеге немесе 162,7 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы

1 қаңтардағы жағдай бойынша 287,8 млрд теңгені құрады. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 251,3 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 87,3%-ын құрады.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 39 брокер мен дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен  сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2023 жылы Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 2,5 есе артып, 2 445 мың шот құрады, оның ішінде:

  • депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 696 мың қосалқы шотқа дейін 146 мыңға немесе 26,6%-ға ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 4,7 мыңға немесе 0,7%-ға өсу);
  • брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттар саны 1 749 мың шотқа дейін 1 336 мыңға немесе 4,2 есеге өсті (2023 жылғы желтоқсанда 56 мыңға немесе 3,3%-ға өсу).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2023 жылы 21,4% немесе 123,9 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 703,0 млрд теңгені құрады, (2023 жылғы желтоқсанда 0,9% өсу). Міндеттемелер 240,2 млрд теңгеге дейін 38,6% немесе 66,8 млрд теңгеге ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 2,3% төмендеу). Меншікті капитал 462,8 млрд теңгеге дейін 14,1% немесе 57,1 млрд теңгеге өсті (2023 жылғы желтоқсанда 2,6% өсу).

2023 жылы брокерлердің және (немесе) дилерлердің, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылардың жиынтық пайдасы 27,9 млрд теңгені құрады (2023 жылы – 9,4 млрд теңге).