2023 жылы Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен сауда-саттық көлемі 333,6 млрд теңгені құрады және 2022 жылмен салыстырғанда 8,5% өскен.
Ал корпоративтік облигациялармен сауда-саттықтардың көлемі 1 989,4 млрд теңгені құрады және 2022 жылмен салыстырғанда 12,1% төмендеді.
Мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бір жылда 33,5% өсіп 8 013,0 млрд теңге болды.
Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарымен сауда-саттық көлемі де 61,3% өсіп 11,1 млрд теңге болды.