Былтыр қаңтар-желтоқсан айларында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15,4 млн шаршы метрді құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8% аз, деп хабарлайды статистика бюросы.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда тұрғын үйлерді пайдалануға берудің ең көп төмендеуі Алматы қаласында – 34,6%-ға, Ұлытау облысында – 29,6%-ға, Астана қаласында – 24,7%-ға тіркелді.
Пайдалануға берудің республикалық көлемінде үлесі бойынша республикалық маңызы бар қалалар алдыңғы орында. Барлық пайдалануға берілген тұрғын үйлердің 15,4%-ы Астанаға, 11,2%-ы Алматыға, 8,1%-ы Ақтөбе облысына тиесілі.
Көрсетілген кезеңде елімізде жалпы ауданы 8 843,9 мың шаршы метр болатын 1540 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіш 8,5% төмендеді.
Өткен жылы 36 365 жеке тұрғын үй салынды, оның жалпы ауданы 6 499,8 мың шаршы метрді құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,4% аз.
Шаршы метрге шаққандағы орташа нақты құрылыс шығындары 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы тұрғын үй алаңының 1 шаршы метрі 12,2% өсті.