2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда бір шаршы метр тұрғын үй құрылысының орташа нақты құны 12,2% өсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық бюросы хабарлайды.
2022 жылы тұрғын үйлердің жалпы алаңын пайдалануға беру 8,8% азайғаны айтылады.
«Өткен жылы тұрғын үйлердің жалпы санынан жалпы ауданы 8,8 миллион шаршы метр болатын 1540 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылығы көрсеткіштің 91,5%-ы. Салынған жер үй саны 36 365, жалпы ауданы 6,5 млн шаршы метр. 2021 жылғы көрсеткіштің 92,6%-ы», - делінген хабарламада.
ҰСБ мәліметінше, тұрғын үйлерді пайдалануға берудің өсімі республиканың 14 өңірінде байқалды. Павлодар облысы (32,1%), Шығыс Қазақстан облысы (15,4%) және Жетісу облысы (8,8%) көш бастады.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің төмендеуі Ұлытау (29,6%), Маңғыстау (15,1%), Солтүстік Қазақстан (13,1%) және Атырау (7,8%) облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында (24,7%) және Алматы қаласында (34,6%) байқалды.
2022 жылдың желтоқсанында Қазақстан тұрғын үй құрылысы жоспарын 2022 жылы аяқтай алмайтыны хабарланған болатын. Жоспарланған 18 миллион шаршы метр тұрғын үйдің орнына 15,1 миллион шаршы метр ғана салынды.