Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, интернетте тауар сататын немесе қызмет көрсететін шетелдік ұйымдар мен сауда алаңдары бюджетке 13,3 млрд теңге салық төлеген. Қазақстанда 2022 жылдың басынан бері 45 компания ҚҚС немесе Google салығы аталатын салық төлеп келеді, деп хабарлайды LS.
Атап айтқанда, Meta Platforms Ireland Limited (Ирландия) 2,9 млрд теңге, iHerb (АҚШ) – 2,6 млрд теңге, Google Commerce Limited (Ирландия) – 2,2 млрд теңге, Apple Distribution International Limited (Ирландия) – 1,7 млрд млрд теңге, Valve Corporation (АҚШ) - 1,6 млрд теңге төледі.
Ресейлік Kupisuz (Lamoda) өткен жылы қазақстандық бюджетке 731,1 млн теңге төледі, голландиялық Netflix International B.V. – 288,2 млн теңге, Hong Kong Qnet Limited – 285,4 млн теңге, Russian Internet Solutions (Ozon) – 204,7 млн теңге, American Zoom video Communications, Inc. – 102,6 млн теңге төледі.