2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша жаңа жиналған көкөніс бағасы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 19,2% өсті, деп хабарлайды energyprom.kz.
Баға ең көп өскен өңір Алматы облысы: бір жылда 32,2% қымбаттаған. Одан кейін Түркістан (30,3% қымбаттаған) және Ұлытау (27,1%) облыстары. Бір жылда ең аз қымбаттаған өңір Батыс Қазақстан облысы: 4,6%. Еліміздің 20 өңірінің ішінде жаңа піскен көкөніс бағасы тек Павлодар облысында ғана төмендеді: 2,7%.
Қияр (47,9% қымбаттап, килосы 931 теңге), пияз (40,6% қымбаттап, 124 теңге), қызанақ (22,2% қымбаттап, 764 теңге), картоп (11,9% қымбаттап, 155 теңге) қымбаттады, қызылша құны да аздап өсті (1,5% қымбаттап, 235 теңге). Сәбіз 0,8% арзандап, килосы 145 теңге, ақ қауанды қырыққабат 15,2% арзандап, 102 теңге болды.
Көкөніс импортына келер болсақ, 2022 жылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша ҚР-ға бұрыш импорты айтарлықтай өсті (2,8 есе көбейіп, 28,3 мың тоннаға жетті). Одан бөдек қияр мен корнишон (85,7% көбейіп, 9,4 мың тонна), сарымсақ (76,2% көбейіп, 4,1 мың тонна), бақша дақылдары (73,2% көбейіп, 62,1 мың тонна), ақ қауанды қырыққабат (61% көбейіп, 107,6 мың тонна), қызанақ (45% көбейіп, 56 мың тонна) импорты да артты.
Есесіне картоп импорты төмендеді (31,8% азайып, 47 мың тонна болды), сонымен қатар пияз (11,3% азайып, 196,2 мың тонна), сәбіз (3,4% азайып, 41,1 мың тонна), баклажан (2,6% азайып, 2,3 мың тонна) және қызылша (0,7% азайып, 9,3 мың тонн) импорты кеміді.
Көкөніс экспортында бұрыш (63,6% көбейіп, 1,4 мың тоннаға жетті), қызылша (62% көбейіп, 1,1 мың тонна), бақша дақылдары (56,1% көбейіп 38,4 мың тонна), сәбіз (32,1% көбейіп, 3,6 мың тонна), пияз (31,8% көбейіп, 109,9 мың тонна) және сарымсақ (18,5% көбейіп, 474,5 тонна) экспорты артты.
Картоп, қырыққабат, қияр мен корнишон, қызанақ, баклажан экспорты қысқарды.
Көкөністердің негізгі түрлерінің импорты экспорттан бірнеше есе көп екенін атап өткен жөн. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша баклажан импорты экспорттан 39,8 есе, бұрыш – 20,5 есе, қырыққабат – 12,4 есе, сәбі – 11,5 есе, қызылша – 8,8 есе, сарымсақ – 8,7 есе, қызанақ – 3,6 есе, қияр – 2,2 есе, пияз – 1,8 есе, қауын – 1,6 есе өсті. Тек картоп импорты ғана экспорттан 2,9 есе аз болды.