2018 жылдың наурызынан бері қолданыстағы тұрғын үй нарығындағы бағалар алғаш рет арзандады.
Айлық (2022 жылғы желтоқсан 2022 жылғы қарашаға қарағанда) мәнде пәтерлерді қайта сату бағасы 1,5%-ға төмендеді. Атап айтқанда, баға Астана (5,1%-ға), Шымкент (2,7%) және Ақтау (1,6%) қалаларында түскен.
Сондай-ақ, желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады.
Жаңа тұрғын үйді сату бағасы, керісінше, 0,4%-ға қымбаттады.
Бір жылда (2022 жылғы желтоқсан 2021 жылғы желтоқсанға) қолданыстағы пәтерлер саудасындағы бағалар – 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 15,6%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі алдыңғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы желтоқсанда 45% артты.
Өңірлер арасында жаңа үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 29,3%-ға, Ақтауда 26,6%-ға, Семейде 22,3%-ға қымбаттады.
Қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай қалаларында қатты өскен (32,4%).
Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Алматы (70,5%), Қостанай (54,6%), Қарағанды қаласы (53,1%).