Зейнетақы жинағын үй алуға алғаннан кейін шотта қалуы тиіс сома көбейгенінен кейін қанша адамның оны ала алатынын "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов айтты.
"2022 жылдан бастап 582 мың адам зейнетақы жинағының белгілі бір сомасын емделу, үй алу, инвестициялық басқару беруге аудара алады. Осындай мақсатта пайдалануға болатын жалпы қаражат көлемі шамамен 900 млрд теңге", деді Жанат Құрманов.
Оның айтуынша, жұмыс істеп, зейнетақы аударымын жасап отырған азаматтар үшін шоттағы жеткілікті сома көбейіп отырады.
Бұған дейін бұл өзгерістің себебі 2022 жылдан бастап минималды жалақы көлемінің өскені екенін жазған едік.