19 шілдеден бастап бүкіл банкке ортақ QR болады

19 шілдеден бастап бүкіл банкке ортақ QR болады

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов банктер арасындағы бірыңғай QR төлем жүйесі 19 шілдеде іске қосылатынын растады. Бұл туралы ол Сенат отырысында мәлімдеді.

Сенатта 2025 жылғы бюджеттің орындалуы қаралған жиында Сүлейменов Ұлттық банктің өткен жылғы жұмысы мен биылғы жоспарлары туралы баяндады.

Оның айтуынша, 19 шілдеден бастап банктер арасындағы бірыңғай QR төлем жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ Парламенттің қолдауымен 1 мамырдан бастап цифрлық активтер индустриясын дамытуға құқықтық негіз қалыптасқанын атап өтті.

Ұлттық банктің мәліметінше, 18 шілдеде банктерді бірыңғай QR стандарты жүйесіне қосылуға міндеттейтін заң нормалары күшіне енеді.

Бірыңғай QR жүйесі қазақстандықтарға қай банктің клиенті екеніне және қай банктің терминалы қолданылып тұрғанына қарамастан, дүкендерде бір QR код арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Бұған дейін елде ірі банктердің бірнеше бөлек QR жүйесі жұмыс істеп, олар бір-бірімен үйлеспейтін.