Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2021 жылғы IV тоқсанда 4,9% құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары.
2021 жылғы IV тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (9%), Маңғыстау (6,1%) облыстарында және Шымкент (6%) қаласында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан (1,8%-дан) қаласында тіркелді.
Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді.
Сонымен, 2021 жылғы IV тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,8, азық-түлік емес тауарларға – 7,9, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,4 есені құрады