Кәсіпкерлер есеп-қисап пен құжаттарға бас қатырмау керек. Осындай ұранды ұстанған Jusan Bank цифрлық экожүйесін жетілдіріп келеді. Мәселен, жеке кәсіпкерлерге онлайн шот ашуға енді 5 минут қана кетеді. Ондай жағдайда жүйеге тіркелу үшін жеке сәйкестендіру нөмері мен телефон нөмері жеткілікті. Алдағы уақытта бұл қызмет түрі орта бизнес өкілдеріне де қолжетімді болады.
«Бұрын бұл процесске 17 минуттан аса уақыт кететін. Өкінішке қарай, көп қателіктердің болу салдарынан осы жолдан өте алмайтын. Цифрлы арналардың арқасында оффлайндағы 35 пайыз трафикті біз онлайнға ауыстрыдық. Енді кәсіпкерлер бөлімшеге бармайды. Тек, қолындағы смартфоны арқылы Jusan Business қосымшасымен барлық операцияны жасай алады», - деді Jusan Bank-тің Product Owner-і Арина Лаптева.
Оған қоса
бизнес-карты да ашу үшін бөлімшеге баруды қажеті жоқ. Өйткені, кәсіпкерлер
осыған дейін дәл осы процесске жарты күнін жоғалтқан. Енді мобильді қосымша
болса болғаны.
Шынында соңғы уақытта қолданысқа енгізіліп жатқан Jusan Bank-тің цифрлық өнімдері бизнесте басқару процестерін жеңілдетіп, шығындарын азайтуда деуге болады. Оның барлығы, әрине, кәсіпкерлер үшін көрсетілетін қызметтердің жылдам әрі ыңғайлы болуында. Осының нәтижесі болар жыл басынан бері интернет-банкингтің белсенді пайдаланушылары едәуір артқан.
«Бізбен бірге бизнес ыңғайлы түрде дамуы
үшін әрбір өнімді әрі қарай жетілдіруге атсалысатын маман мен біртұтас
команданың ерен еңбегі бар. Біздің экзожүйенің арқасында тұтынушылар ұялы
телефон арқылы өз бизнесін басқаруға және шығындарды оңтайландыру мүмкіндігін
сыйлайтын қызметтердің кең ауқымына қол жеткізе алады. Бірінші кезекте біздің өнімдер клиенттердің сұранысын қанағаттандыруға
бағытталған. Сондықтан бір орында тоқтап қалмай, оларды жетілдіру үшін біз
әрдайым клиенттермен байланыстамыз. Банк жұмысының басты қозғаушы күші –
тұтынушылар»,
- деді Jusan Bank Басқарма төрағасы
Нұрдәулет Айдосов.
Соңғы жарты жылда аталған қаржы ұйымындағы төлемдер саны 18 пайызға, ал, аударымдар саны 45 пайызға артқан. Бұл көрсеткіштің жоғарылауының бірден бір себебі, банкішілік аударымдар мен төлемдер енді түнгі 03:00 мен 22:00 аралығнда қолжетімді бола түсті.
Бұл тұста
мемлекеттік қызметтер базасында айта кеткен жөн болар. Интеграцияланған жаңа
өнім қызметтер санын арттырды. Оған қоса, енді бизнес өкілдері
несие алу үшін бөлімшеге барудың қажеті жоқ. Бір ғана төлқұжатпен Jusan
Business қосымшасы арқылы өтінім қалдырып, екі сағаттың ішінде несие алуға
мүмкіндігі бар. Өнім іске қосылған күні 200-ден астам өтінім түскен. Бұл туралы
бүгін Алматыда өткен Demo
Day Jusan Business шарасы барысында айтылды.
«Екі түрлі несие бар қазіргі таңда. Ол біріншісі микрозаем және екіншісі «Даму» қорының қолдауымен берілетін инвестициялық несие. Бүгіннен бастап осы екі түрлі несие онлайн түрде кәсіпкерлерге беріле бастады. Бұрын кәсіпкерлерге берілетін несие екі апта уақыт алатын. Яғни, бизнес өкілдері бөлімшеге келіп, құжаттарды өткізіп екі апта жауап күту керек болған. Қазір барлығы оңтайландырылды»,- деді Jusan Bank-тің Product Owner-і Айбек Жұмағалиев.
Қазіргі уақытта Jusan Bank 100 мыңнан аса кәсіпкерге
қызмет көрсетеді. Олардың қызметін жеңілдету үшін қаржы ұйымында 20 команда күш
бітіріктіріп келеді. Олар 5 ірі мемлекеттік базамен интеграция және 9 қызмет
көрсетуді жүзеге асырды.
Ең бастысы,
енді кәсіпкерлер Tole POS-терминал мобильді қосымша көмегімен карта немесе QR арқылы төлем қабылдай алады. Ондағы басты
артықшылықтар, POS-терминал бір күн ішінде қосылады, QR-дың көмегімен, Jusan
Bank немесе өзге банк карталарымен төленгендегі ең төменгі комиссия. Осы
қызмметтің көмегімен кәсіпкерлер тауарын 12 айға бөліп төлеуге немесе 24 айға
несие сату мүмкіндігіне ие болады.
«Біздің басты мақсатымыз – кәсіпкерлерге бизнеспен айналысуға жағдай жасау. Қалған проблемалармен біз айналысамыз. Бізде бизнес мәселесімен айналысатын 20 команда бар. Олар өз өнімдеріне басынан-аяқ жауап береді. Біз бизнесті басқаруды жеңіл, қарапайым, арзан және тиімді ету үшін күш салып жатырмыз», - деді Jusan Bank-тің Цифрлық өнімдер құрастыру департаментінің директоры Андрей Гусаков.
Jusan Bank-тің биыл атқарған жұмыстарының бір парасы ғана. Ал, алдағы жылы жаңа цифрлы өнімдерді іске қоспақшы. Оның ішінде, онлайн-бухгалтерия бар. Яғни, 2023 жылдан бастап, кәсіпкерлер есеп-қисапқа бас қатырмайды. Оның барлығын қосымшада есептеуге болады. Демек, бизнес өкілдерінің тағы біршама жеңілдейді деген сөз.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.